қазақша · русский · english
 
 
 
11.12.2025

Кафедра оқытушылары оқушылармен кездесуге барды

 


 

 

2025 жылғы 8 желтоқсан күні кәсіби бағдар беру жұмысы аясында жаратылыстану және география факультетінің биология кафедрасының қызметкерлері — доцент, биология ғылымдарының кандидаты К.И. Батырова, биология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Г.К. Ташенова және PhD, аға оқытушы Т.Т. Нуркенов Алматы қаласындағы №166 гимназияның 9–11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

 

 

Кездесу барысында оқушылар биология кафедрасының негізгі қызмет бағыттарымен танысты, әсіресе «6В05101 – Биология», «7М05101 – Биология» және «8D05101 – Биология» білім беру бағдарламаларына ерекше назар аударылды. Оқушылар оқытылатын пәндер бойынша қызықты әрі мазмұнды ақпарат алды, биология саласындағы заманауи ғылыми-зерттеу бағыттарына қысқаша шолу жасалды, сондай-ақ болашақ мүмкіндіктер туралы таныстырылды.

 

 

Жоғары сынып оқушылары оқытушылардың баяндамаларын үлкен қызығушылықпен тыңдап, өзекті әрі ерекше сұрақтар қойды. Кездесу гимназия оқушылары мен мұғалімдері тарапынан жылы әрі достық жағдайда өтті.




Кері оралу