
«Биология» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «Биология» кафедрасы / Жаңалықтар
22.12.2025
«ТМД-НЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» АТАНДЫ
Жаратылыстану және география факультетінің 6В01513 «Биология» мамандығының 3-курс студенті Ермекқызы Айдана 13 желтоқсан 2025 жылы өткен «ТМД ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты халықаралық байқауға қатысып, өз жетістіктері үшін арнайы марапаттарға ие болды.
«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Үздік студенттер академиясы» ұйымдастыратын бұл байқау — білім, ғылым, өнер және спорт салаларында ерекше жетістіктерге қол жеткізген, қоғамдық өмірге белсене араласатын, ұйымдастырушылық және көшбасшылық қабілеті жоғары талантты жастарды анықтап, қолдауға бағытталған бірегей жоба.Айдана байқау талаптарына сай үздік студенттер қатарынан танылып, арнайы марапатқа ие болды. Бұл – оның еңбегі мен жауапкершілігінің, сондай-ақ факультетіміз студенттерінің жоғары дайындығының дәлелі.
Іс-шара барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан Айданаға төмендегі марапаттар табысталды:
• «ТМД ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты төсбелгі • Куәлік • «ТМД ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты статуэтка • Халықаралық дәрежелі диплом • Ата-анасына Алғыс хат • Жетекшісіне Диплом
Студенттің жетекшісі —Ибадулла Сымбат Нұрланқызы.
Айдананы халықаралық деңгейдегі жетістігімен құттықтай отырып, алдағы ғылыми, шығармашылық және кәсіби жолында толағай табыс тілейміз. Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|