
«Биология» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «Биология» кафедрасы / Жаңалықтар
25.12.2025
Хайуанаттар бағының коллекциялық материалын оқу процесінде пайдалану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
2025 жылғы 23 желтоқсанда «Хайуанаттар бағының коллекциялық материалын оқу процесінде пайдалану» тақырыбында халықаралық қатысумен «Дөңгелек үстел» талқылауы өтті. Дөңгелек үстел жұмысына 37 адам қатысты, 16 баяндама ұсынылды, оның ішінде: Алматы, Қарағанды, Шымкент секілді Қазақстандық хайуанаттар бағының өкілдері; Ташкент хайуанаттар бағы (Өзбекстан), Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей) Халықаралық серіктестері: Абай атындағы ҚазҰПУ, Қыздар педагогикалық университеті, Зоология институты, Семей қаласының Облыстық балалар биологиялық орталығы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті, Жетісу университеті (тыңдаушы ретінде) сияқты білім беру және ғылыми мекемелері, сондай-ақ «Innoverse Taldykorgan» жеке мектебі мен № 69 жалпы білім беретін мектеп қатысты. Іс-шара Алматы хайуанаттар бағының базасында парк қызметкерлерінің күшімен өтті (жетекші Елеманова Ақжами басшылығымен, Абай атындағы ҚазҰПУ Биология кафедрасы педагогикалық ұжымының оқытушылары К.И.Батырова, Н.А.Бекенова, Ш.С.Шыныбековалармен бірлесе отырып) Талқылау: қатысушылар қазіргі жағдайда хайуанаттар бағының білім беру қызметін дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылады. Дөңгелек үстелге қатысушыларды талқылау қорытындысы бойынша мүдделі ұйымдардың мектептер мен жоғары оқу орындарының оқу процесіне ағарту қызметінің сапасын арттыруға белсенді қатысу мәселелері бойынша ұсыныстар әзірленді. Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|