қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.05.2022

Кафедра мен мектеп арасындағы байланыс

 

2022 жылдың 19 мамырында біздің университетіміздегі дуальді оқыту бағдарламасы негізінде мектеп пен университет арасындағы байланысты нығайту мақсатында «Ақниет» жекеменшік мектібінің директоры Саят Нұрқасымұлымен кезекті кездесу өткізілді. Оған шығыс филологиясы және аударма кафедрасынынң бірнеше мамандықтарында оқитын студенттер, кафедра ұстаздары, бітіруші түлектер қатысты. Кафедраның аға оқытушысы Р.К. Оразова ұйымдастырған бұл кездесуде мектепке мұғалімдік жұмысқа алу барысындағы ұйымдастырушылық мәселелері, кездесетін қиындықтар, жас ұстаздар мен тәлімгерлер туралы көптеген пайдалы әңгімелер айтылды. Директордың жақсы араб тілі маманын іздеп табу мақатындағы өтінішін ескере отырып, биылғы шығыс тілінде оқитын студенттердің оқу практикасын сол мектепте өту туралы екіжақты келісімге келдік. Болашақта осы мектеппен тығыз байланыста жұмыс істеу үшін біраз жоспарларымызды ортаға салып, талқыладық. Студенттердің қойған сұрақтарына жауап берілді. Кездесу нәтижесінде 4-курс студенттері Аяулым мен Диананы, араб тілі пәні бойынша Еслямбек Айнашты сынақ мерзімінде жұмысқа қабылдауға шешім қабылданды. Студенттер мектеп туралы екжей-текжейлі хабардар болды. Бұл бір жемісті, нәтижелі іс-шара болды.

 

  alt=  



154

Кері оралу