Дизайн кафедрасы |
04.05.2021
«Көркем білім берудегі табиғи материалдар арқылы сәндік қолөнердің заманауи дамуы» халықаралық дөңгелек үстел
Ашылу сөзі ғылыми жобаның жетекшісі, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қауым.профессоры Ақмарал Смановаға берілді.
Жобаның шетелдік кеңесшісі, Акдениз университетінің PhD докторы (Түркия), доцент Рамазан Эрдем «Дизайнерлерге арналған Smart тоқыма», аталмыш университеттің PhD доктор, доцент м.а. Езиева Мариям Нехир - «Аппликация: сән индустриясындағы этика және экологиялық тазалық мәселесі» тақырыптарында баяндамаларын ұсынды.
Дөңгелек үстелдің спикерлері: ғылыми жобаның қос жетекшісі, аға оқытушы К.М.Бекболатова - «Сәндік қолөнер саласында табиғи материалдармен жұмыс жасап жүрген шеберлер шығармашылық мектебіне ізденістер»; ғылыми жоба мүшесі қауым.профессор м.а. Жанар Небесаева - «Өнер. Әлемдегі болып жатқан жайт», оқытушы, магистр жобаның орындаушысы Ақмарал Ермаханбетова - «Жоба мүшелерінің табиғи материалдармен орындап жүрген сәнідк қолөнер бұйымдары».
Дөңгелек үстелдің нәтижелерін жобаның ғылыми қызметкері қауымд., профессор Жиренов С.А. қорытындылады. Ол бұл шараның көркемдік білім мен жалпы өнерді дамыту үшін маңыздылығын атап өтті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|