қазақша · русский · english
 
 
 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институты Дизайн кафедрасы қазіргі және әлеуетті ғылыми жобалардың коммерциялық аспектілерін мақсатты түрде дамытуда. Институт жобаларынан басқа, оларға бакалавриат жобалары кіреді. Дизайн мамандығының әлеуеті коммерциялық жағынан тартымды. Осыған байланысты, соңғы үш жылдағы осы саладағы дипломдық жобалар толық немесе ішінара коммерцияландыру мүмкіндігіне бағытталған.

 

Кафедра университеттің имидждік саясатын белсенді шығармашылық қызмет форматында жетілдіруге, республикалық және халықаралық деңгейде көрмелер ұйымдастыруға, ғылыми кадрларды нығайтуға және профессорлық-оқытушылық құрамның әртүрлі имидждік шараларға (шығармашылық кездесулерге) қатысуына баса назар аударады.

 

Кафедраның теориялық және зерттеу компоненттері едәуір өсті, бұл профессор-оқытушылар құрамның жеке жетістіктерінде ғана емес, сонымен қатар студенттермен тікелей жұмыста (СҒЗЖ) көрінеді.

 

2022 жылы «Дизайн» кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы кафедра мүшелерінің ғылыми бағыттары бойынша зерттеу қызметінің нәтижелерін көрсете білді. «Дизайн» кафедрасы бұрын практикалық тұрғыдан екпін жасап отыратын, қазіргі уақытта өзінің теориялық ғылыми әлеуетін арттыруда.

 

2022 жылдың қорытындысы бойынша төменде көрсетілген нәтижелер шығарылды:

- Импакт-факторы бар журналдарда (Скопус) екі мақала жарияланды;

- БҒСБК ұсынған ғылыми журналдарда үш мақала жарияланды;

- алыс шетел ғылыми конференциялар жинақтарында бес мақала жарияланды

- жақын шетелдерде екі мақала жарияланды;

- жалпы ғылыми және ғылыми-әдістемелік сипаттағы 20-ға жуық мақала жарияланды (мат. конференциялар, тезистер);

- жарық көрген монографиялар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар саны - алты.

 

Ғылыми зерттеу жұмысының есебі - 2022 жыл

 

Ғылыми зерттеу жұмысының есебі - 2020 жыл


2020 жылы Импакт-факторы бар журналдарда жарияланған мақалалар тізімі


2020 жылы жақын шетелдің ғылыми конференцияларында жарияланған тезистер тізімі


2020 ж. ҚР БҒМ БҒСБК журналдарында жарияланған ғылыми мақалалар тізімі


2020 жылы Жақын шетелдерде жарияланған мақалалар тізімі


2020 жылы ҚР-дың басқа да журналдарында жарияланған ғылыми мақалалар тізімі

 

Профессор- оқытушылар құрамының 2020ж. ғылыми жобалары

 

2020 жылы магистранттардың жарияланымдар тізімі


2020 жылы студенттердің жарияланымдарының тізімі

 

 

 

 

 

2905