қазақша · русский · english
 
 
 
10.10.2022

«Өнер сиқыры» Халықаралық жасөспірімдер шығармашылығы көрмесі

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2022 жыл - Балалар жылы» деп жариялады. Бұл дегеніміз биылғы жылы жас буынның тәрбиесі мен біліміне баса мән беріледі.

 

2022 жылы 07 қазанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің Балалар жылына орай ұйымдастырылған «Өнер сиқыры» халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы көрмесі өтті. Көрменің жоғары дәрежеде өтуіне қолдау білдіріп, белсенділік танытқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы - ректор Дархан Біләлов, Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Тайыржан Искаков, «Дизайн» кафедрасының профессоры өнерлі тұлға Раушан Канапьянова және «Көркем білім» кафедрасының оқытушысы Болатбек Нұрбатыровтың ұйымдастыруымен іс-шара өз деңгейінде өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу