қазақша · русский · english
 
 
 
04.12.2025

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-де
«ДИЗАЙН ҮШІНШІ МЫҢЖЫЛДЫҚТА»
атты мәдени-танымдық іс-шара өтті


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Өнер, факультеті Дизайн кафедрасының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 3 желтоқсанында Алматы қаласындағы жалпы білім беретін мекемелерінің және техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің бітіруші түлектеріне арналған «ДИЗАЙН ҮШІНШІ МЫҢЖЫЛДЫҚТА» атты мәдени-танымдық іс-шара болып өтті. Мәдени-танымдық іс-шараның мақсаты Өнер факультетіндегі «Дизайн» білім беру бағдарламасымен жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен колледж түлектерін таныстыру, болашақ мамандықты таңдауға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу болып табылады. Аталған шараға колледждердің 300 аса бітіруші курс студенттері келді.


Қатысушыларға кафедра түлектерінің дипломдық жобаларынан көрме ұсынылып, факультет деканы PhD Байгутов К.А. және кафедра меңгерушісі PhD Стамбекова Ж.К. дизайн мамандықтары, шығармашылық емтихандар және грантқа құжат тапсыру тәртібі туралы ақпарат берді. Сонымен қатар профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен сән, графикалық, сәулет және полиграфиялық дизайн бағыттары таныстырылып, шеберлік-сыныптар ұйымдастырылды, келген студенттер оқу ғимараттарын, шеберханалар мен музейді аралады.


Іс-шара болашақ талапкерлердің дизайн саласына деген қызығушылығын арттырып, факультеттің шығармашылық-инновациялық мүмкіндіктерін кеңінен таныстыруға мүмкіндік берді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу