қазақша · русский · english
 
 
 
15.12.2025

ДИЗАЙНЕРЛІК БІЛІМ БЕРУДЕГІ FIGMA БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ


Алматы сән және дизайн колледжінде (АСжДК) дизайнерлік мамандықтар бойынша білім алатын студенттерге арналған Figma бағдарламасы бойынша практикалық мастер-класс өткізілді. Аталған шараны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетті өнер факультеті Дизайн кафедрасының магистр, оқытушы Малаева Айнур Алмасовна жүргізді.


Іс-шараға шамамен 25 студент қатысып, заманауи цифрлық дизайн құралдарына жоғары қызығушылық танытты. Мастер-кластың негізгі мақсаты студенттерді Figma бағдарламасының мүмкіндіктерімен таныстыру, оны интерфейстер, визуалды концепциялар және дизайнерлік жобалар жасау барысында қолдану жолдарын көрсету болды. Мастер-класс барысында студенттер бағдарламаның интерфейсімен, негізгі функцияларымен, фреймдермен, компоненттермен, торлармен (grid) және стильдермен жұмыс істеу принциптерімен танысты. Сонымен қатар, Figma бағдарламасын киім дизайны, графикалық дизайн және жобаларды визуалды ұсыну салаларында қолдану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Командалық жұмыс пен идеяларды таныстырудағы бағдарламаның артықшылықтары да қарастырылды. Шара барысында студенттер практикалық тапсырмалар орындап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби кеңестер алды. Аталған мастер-класс студенттердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға, кәсіби көкжиегін кеңейтуге және заманауи дизайнерге қойылатын талаптарды түсінуге ықпал етті.


Осындай іс-шараларды өткізу білім беру үдерісінің маңызды бөлігі болып табылады, себебі ол студенттердің сұранысқа ие құралдарды меңгеруіне, практикалық дайындығын арттыруға және заманауи дизайн ортасында еркін бағдарлануына мүмкіндік береді.

 

 

 

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу