қазақша · русский · english
 
 
 
19.11.2018

Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің құрылғанына 25 жыл

 

13-14 қараша 2018 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында Республикалық оқу- әдістемелік бірлестігінің құрылығанына 25 жыл толуына орай «сәулет-құрылыс» және «дизайн» мамандықтары бойынша мерекелік мәжіліс өтті.


Іс-шараға Қазақстан Республикасы ЖОО-нан 22 университет және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі құрамындағы мүшелері «Дизайн» кафедрасынан кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Ерболат Кісімісов, п.ғ.к., доцент Ақмарал Сманова, аға оқытушы Нұрлан Байқұлақов қатысты.


Республикалық оқу- әдістемелік бірлестігінің жұмысына белсенді қатысқаны үшін п. ғ. к., доцент Наталья Михайлова ҚР БҒ министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

 

   

 

  




Кері оралу