қазақша · русский · english
 
 
 
19.03.2019

Алмалыбақ мектебіндегі талантты және дарынды оқушылардың слеті

 

16 наурызда Алматы облысы, Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназия МКК мектепке дейінгі шағын орталықта талантты, дарынды оқушылардың ғылыми жұмысқа бейімділігін анықтау, шығармашылық тану мақсатында «Таланттар мен дарындылардың 15 слеті» өтті. Осы іс-шараға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі «Дизайн» кафедрасының доценті Майра Нұрке қатысып, көркем суреттен кәсіби бағдар берді, сәндік өнер саласынан шеберлік классын өткізді және оқушылардың ғылыми-шығармашылық жұмыстарын бағалауда «Шығармашылық шеберхана» секциясында әділқазы мүшесі болды. Слетке Береке орта мектебі, Ы.Алтынсарин, Б.Қосынов, Ж.Бәрібаев, О.Исаев атындағы орта мектептерінен 70-ке жуық оқушылар қатысып, олардың үздік шығармашылық жұмыстары анықталды. Жеңімпаздарға 1-2-3 орындар тағайындалды және ынталы қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.

 

   

 

   




Кері оралу