қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.05.2022

«Жүрегім сен ерікке басшылық ет...» шығармашылық жұмыс-практикумы


2022 жылдың 19 сәуірінде «Мейірім» клубының әлеуметтік-педагогикалық және рухани-адамгершілік бағыттары бойынша Г.К.Ширинбаеваның жетекшігімен «6В01801 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс ерікті-студенттері: Искакова А, Майсқызы А, Кекулімжаева Ұ, Маханбетова Ұлбосын, Мүтан Ж, Бақберген А, Көпжасар Н Алматы қаласының «ЕРЗИ» әлеуметтік-реабилитациалық орталығының мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандары үшін «Жүрегім сен ерікке басшылық ет...» шығармашылық жұмыс-практикумы сабағын өткізді.


Шараны өткізудің әлеуметтік-педагогикалық міндеттері, рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша: тыныштық сәті (теңіздің шуына шоғырлану); тыныс алу техникасы «Мен және менің жүрегім - бір тұтас»; «Жағымды сөздер» ойыны; «Мен қандай адаммын?» тесті; «Мен ашық таза жүрекпін...» эссе (Ой толғау); топпен ән айту тәсілдері мен экспрессивті шығармашылық терапиясы негізінде жүзеге асырылды.


Шара соңында рефлексия «Өмірге бірге дауыс берейік!» ой талқысы суретте бейнеленіп көрсетілді. Шараның құндылықты мәні мүмкіндігі шектеулі жандардың «Адамшылық өмір сабақтарында» жүрек түбіндегі өз ойларымен бөлісуі, жүректі тазарту практикасы арқылы рухани-шығармашылық әлеуетін жетілдіруі барысында ашылды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

«Мейірім» еріктілер клубы