қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.05.2022

Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы республикалық байқаудың 1-дәрежелі дипломымен марапатталды


Президент Қ.К.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» Қазақстан халқына жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері» республикалық байқауына Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының профессоры, «Әлеуметтік ғылымдар (Психология)» ББ жетекшісі Г.Б. Ниетбаева қатысып 1 дәрежелі жеңімпаз атанды. Аталған іс-шараның мақсаты ретінде, тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету болып табылады.

 

Профессор Гүлмира Ниетбаеваға «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері» республикалық байқауының І-дәрежелі дипломы табысталып, марапаттау рәсімін «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ҚР ПӘ жанындағы ведомстволық министрліктермен және марапаттау комитетімен бірлесіп өткізді.

 

  alt=  

 

  alt=