қазақша · русский · english
 
 
 
08.04.2022

Қалай судья болуға болады? ҚР Жоғарғы Сотының судьясымен кездесу

 

2022 жылдың 6 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылым онкүндігі аясында Тарих және құқық институтының «Құқықтану» кафедрасы «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттеріне ҚР Жоғарғы Сотының судьясы, доцент Мәдениет Омарбекованың қатысуымен вебинар өткізді. Вебинар тақырыбы - «ҚР судьяларының мәртебесі туралы».

 

Сот реформасы және «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға енгізілген өзгерістер туралы айтылды. Судья лауазымына кандидаттарды іріктеу мәселелері қозғалды, онда тек кәсіби білімі ғана емес, моральдық-адамгершілік қасиеттері де ескеріледі. ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының білім беру бағдарламалары студенттердің назарына жеткізілді.

 

ҚР Жоғары Сотының судьясының дәрісі студенттердің, болашақ судьялардың қызығушылығын тудырды, сұрақтар қойылып, білікті жауаптар алынды.

 

Модераторлар ретінде «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Б.М. Көшпенбетов және кафедра доценті Момышева Ф.С. сөз сөйледі.

 

«Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Б.М.Көшпенбетов ғылым онкүндігіне қатысқаны және болашақ заңгерлер үшін вебинар өткізгені үшін Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Д.Н.Біләлов атынан алғыс хат жолдады.

 

   

 

   




Кері оралу