қазақша · русский · english
 
 
 

 

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КЕАҚ Тарих және құқық институты «Құқықтану» кафедрасының Заң клиникасы - ұйымдастырылуы мен қызметі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ Жарғысына, университет құрылымдарының мәртебесін айқындайтын ішкі ережелерге және Заң клиникасына қатысы бар өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес регламенттелетін және жүзеге асырылатын, құқықтық қатынастардың түрлі салалары бойынша Қазақстан азаматтарының әлеуметтің әлсіз топтарына кәсіби заң көмегін өтеусіз көрсету бойынша  2021 жылы Университет Ректорының бұйрығымен құрылған, өз Ережесі бар «Құқықтану»  кафедрасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

 

Миссия:
Сапалы өтеусіз заң көмегін көрсету, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға жәрдемдесу.

 

Мақсаты:
Халықтың әлеуметтік осал санаты үшін өтеусіз құқықтық консультациялар және заңгерлік көмек көрсету, халықтың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық сана деңгейін арттыру, сондай-ақ заң клиникасының тағылымдамадан өтушілерінің кәсіби дағдыларын жетілдіру.

 

Міндеттері:
- Міндетті компонентті құқықтық циклдегі оқу пәндері бойынша студенттердің академиялық үлгерім деңгейін жан-жақты арттыру;

- Құқық қолдану қызметінде қосалқы функцияларды орындайтын қолданбалы заң пәндерінің (заң психологиясы, заң этикасы, құқықтық статистика және т.б.) рөлі мен маңызын бағалауды объективтеу;

- Құқық қолданудың тәжірибелік мәселелерін шешуде іргелі теориялық білімді қолдану;

- Студенттердің дипломдық жұмыстар мен жобаларды әзірлеуі кезінде Алматы қаласы бірінші сатыдағы соттарының сот төрелігін іске асыру және құқық қорғау органдарының (қылмыстық қудалау органдарының, әкімшілік ықпал ету органдарының, алдын алу органдарының, заң консультацияларының, адвокатураның, әділет органдарының және т.б.) тәжірибесінің деректерін пайдалану;

- Заң клиникасына заң көмегіне жүгінген барлық азаматтарға осы Ережеде белгіленген құқықтық қызмет бағыттары шегінде өтеусіз заң көмегін көрсету;

- Студенттердің әртүрлі іс-шараларды (студенттік ғылыми форумдар, олимпиадалар, конкурстар, пікірсайыстар, вебинарлар, практикалық органдардың, БАҚ өкілдерімен кездесулер, құқық қорғау органдарына, соттарға танысу сапарларын және т.б.) ұйымдастыруына және өткізуіне әдістемелік және әдіснамалық көмек көрсету.

 

Біздің команда:
- Тағылымдамадан өтушілер

- Құқықтану кафедрасының 1-2 курс студенттері;

- Заңгерлер-Құқықтану кафедрасының 3-4 курс студенттері;

- Аға заңгерлер - 4 курс студенттері және Құқықтану кафедрасының магистранттары;

- Сарапшылар-Құқықтану кафедрасының ПОҚ.


Заң клиникасының басшысы:
Құқықтану кафедрасының доценті Мейірбекова Г. Б. +77073171514

 

e-mail: meirbekova67@mail.ru