Құқықтану кафедрасы |
11.04.2022
Заңгер-студенттердің ғылыми жетістіктеріне арналған көрме
Көптеген ғасырлар бұрын ұлы ғалым әл-Фарабидің «Ғылымы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр» деген қанатты сөзі бүгінгі күні өте өзекті. Өйткені, білім мен ғылым-қоғам өмірінің маңызды саласы, оларды дамыта алмаған ел тығырыққа тіреледі.
Ғылымның дамуы әртүрлі әлеуметтік институттармен, бағдарламалармен, ғылыми ақпаратты беру және игеру әдістерімен толықтырылатындығына білім беру мекемелерінің құрылымы, студенттердің болуы және олардың рухани және интеллектуалдық даму бағыты қатты байланысты.
Абай атындағы ҚазҰПУ-да 2022 жылдың 4-14 сәуір аралығында Ғылым онкүндігі аясында барлық институттарда конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар, олимпиадалар және басқа да ғылыми іс-шаралар өтеді, оларға барлық оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттер белсенді қатысады.
2022 жылдың 6-7 сәуірінде Тарих және құқық институтының «Құқықтану» кафедрасының «Заңгер» клубы мүшелерінің жетістіктері көрмесі онкүндіктің жарқын іс-шараларының бірі болды. Көрмені ұйымдастыруға университеттің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Е.А. Бөрібаев, кафедра меңгерушісі Б.М. Көшпенбетов және «Заңгер» клубының жетекшісі Г.Б.Мейірбекова қатысты.
2020-2022 жылдары Қазақстан мен ТМД бойынша «Үздік магистрант» конкурсында екі оқушы, «Үздік студент» - 18, «Үздік жас ғалым» конкурстарында бес оқушы жеңімпаз атанды. Олардың қатарында 4 курс студенттері Ажықұрман Аружан, Асқар Камила, Ізтұрған Айбек, Бақдәулетов Мәди, Қобыландина Аружан, Тәжібай Жансая, Қажыкерей Аяжан, Самат Найла, Орынбай Нұрғазы, Тұрғанжанов Азиз, Нарман Ботакөз, Дәулетханова Айнұр және 3-курс студенттері Асан Ақжулдыз, Нұртуған Орынша, Сүйін Әсем, Бекхан Нұрдәулет бар.
Көрме «Құқықтану» кафедрасы үшін де, «Заңгер» студенттік клубы үшін де осы жылдар ғылымда табысты болғанын көрсетті. Экспонаттар арасында халықаралық, республикалық конференциялар мен дөңгелек үстелдерде жарияланған мақалалар жинағы да бар.
Осындай іс-шаралар жастарды ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға, ғылыми мақалалар жазуға және оларды қорғауға шақырады, сондықтан студенттердің ғылыми жетістіктеріне арналған көрме өз мақсатына жетті деп айтуға болады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|