қазақша · русский · english
 
 
 
29.03.2018

Алтыншы халықаралық сырттай конференция


2018 жылдың 15-16 наурызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің құрылғанына 90-жыл толуына орай Тарих және құқық институтының Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы базасында Қырғызстан Үкіметі жанындағы Қырғыз мемлекеттік заң академиясы, Ж.Баласағұн атындағы Қырғызстан ұлттық университеті жанындағы заң институты мен Қырғыз-Ресей Славяндық университеті, Беларусь мемлекеттік университетімен бірлескен «Қазіргі кезеңдегі құқықтың, экономиканың және білімнің көкейкесті мәселелері: теория және тәжірибе» тақырыпта алтыншы халықаралық сырттай конференция өтті.


Конференцияға Қазақстан Республикасы, Белорусь Республикасы, Ресей Федерациясы, АҚШ мемлекеттері ЖОО, мекемелері мен ұйымдарының өкілдері келесі секциялар бойынша қатысты: 1. ««Рухани жаңғыру» мемлекеттік жаңғыру контексінде заманауи құқықтық сананың қалыптасуы»; 2. «Қылмыстық сот өндірісіндегі процессуалдық келісім-шарт жасауға байланысты қатынастар саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын жетілдіру мәселелері»; 3. «Құқықтың жалпы мәселелері»; 4. «Экономика мен білім саласындағы жалпы мәселелер».

 

Халықаралық сырттай конференцияда экономика, құқық және білім саласындағы сұрақтар қызу талқыланды.

 

       

 

       

 

       




Кері оралу