қазақша · русский · english
 
 
 
01.06.2018

5В030100-«Құқықтану» мамандығы студенттерінің Алматы қаласы ІІБ қызметкерлерімен кездесуі

 

2017/2018 оқу жылының академиялық күнтізбесіне сәйкес 5В030100-Құқықтану мамандығының күндізгі оқыту нысанының 2 курс студенттерін 2018 жылдың 28 мамыры мен 2 маусым аралығын қамтитын таныстыру тәжірибесі жоспарланған.

 

Тарих және құқық Институты қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы бойынша танысу тәжірибесінің жетекшілері болып аға оқытушылар Ершат Бопабаев, Гулайна Османова, Салиман Буранбаева, Эльмира Кенжибекова, Бакытжан Аккасов тағайындалды.

 

Танысу тәжірибесінің жоспарына сәйкес 2018 жылдың 30 мамыры күні 2 курс студенттерімен Алматы қаласы ІІБ кадр ісі бойынша басшының көмекшісі, з.ғ.к., доцент полиция полковнигі Роза Сағалбаевамен кездесу ұйымдастырылды.

 

Кездесудің ұйымдастырушысы з.ғ.к., доцент Ершат Бопабаев сөз сөйледі. Кездесу барысында Роза Сағалбаева студенттерді ішкі істер органдары құрылымы және жүйесімен, жұмысқа қабылдану тәртібі туралы баяндап, студенттердің көптеген сұрақтарына жауап берді. Негізгі назар Алматы қаласын қоса алғанда, жалпы құқық қорғау органдарындағы кадр тапшылығына аударылды.

 

Ішкі Істер Басқармасында анықталған нақты кадр резервін құру үшін тергеушілер мен анықтаушылардың штаттан тыс көмекшілері ретінде тәжірибелік дағдыны алуға мүмкіндік жасалғандығы, оның ішкі істер органдарында болашақта жұмысқа тұруға мүмкіндік беретіні студенттердің жоғарғы қызығушылығын тудырды.

 

         

 

            




Кері оралу