қазақша · русский · english
 
 
 
14.01.2019

«Sсopus ғылыми деректер базасында, индекстелген журналдарда мақаланы қалай дайындауға және жариялауға болады» семинар-тренингі

 

2019 жылдың 11 қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ұйымдастырылған Қысқы мектеп аясында «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Е.А.Бурибаев және з.ғ.д., профессор Ж.А.Хамзина «Sсopus ғылыми деректер базасында, индекстелген журналдарда мақаланы қалай дайындауға және жариялауға болады» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.


Семинар барысында мақаланың мазмұны мен құрылымы бойынша талаптар мен зерттеу тақырыбы бойынша журналдарды таңдау, ғылыми-техникалық және ақпараттық мәліметтер мен қызметтерді ұсынатын беделді әлемдік жеткізуші Elsevier-дің негізгі құрылғылары туралы ақпараттар берілді.

 

 




Кері оралу