қазақша · русский · english
 
 
 
13.09.2019

«Құқықтану» кафедрасында Президент Қ.Ж.Тоқаевтың Жолдауы талқыланды

 

2019 жылдың 12 қыркүйегінде «Құқықтану» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы Қазақстан Президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деген тақырыппен халыққа жолдауын талқылады.


Кафедра меңгерушісі Ермек Бөрібаев Жолдаудағы азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімі бойынша есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктелгендігін жеткізді. Президенттің қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, оның шешімін табуға ауқымды жұмыстар жасап жатқанына тоқталып, сындарлы саясаттың жүзеге асыруда қызмет ету керектігін айтты.

 

Аталған іс-шараға Тарих және құқық институтының директорының орынбасарлары Мұхтар Мұратқазин мен Нұрболат Манапбаев қатысып, өз ойларын ортаға салды.

 

   

 




Кері оралу