қазақша · русский · english
 
 
 
06.11.2019

«Туған өлкем-Алматы» атты тәрбие сағатын өткізілді

 

2019 жылдың 5 қазаны күні Тарих және құқық институты «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушылары Қасымбек Алия Орынбасарқызы мен Рахимова Гакку Нұрланқызының ұйымдастыруымен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде «Туған өлкем-Алматы» атты тәрбие сағаты өтті.

 

Тәрбие сағатының мақсаты: студенттерді елін, жерін сүюге тәрбиелей отырып, Алматы қаласының тарихымен, болашағымен таныстыру.

 

Тәрбие сағатында Алматы қаласы туралы ән-жырлар шырқалып, студенттер өздері дайындаған ақпараттармен бөлісті. Аталған шараға Тарих және құқық институты директорының орынбасары Асымова Дари Болатқызы, «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Бөрібаев Ермек және оқытушылар қатысты.

 

   

 

   




Кері оралу