қазақша · русский · english
   

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетіне «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2021/2022оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 маусымдағы № 354 қаулысын іске асыру мақсатында және жоғары оқу орындарының даярлық бөлімдеріне тілдік дайындық деңгейді арттыру мақсатында «Биология және тілдік дайындық», «Химия және тілдік дайындық», «Физика және тілдік дайындық», «Информатика және тілдік дайындық» бағыттарына мемлекеттік грант және ақылы негізде тыңдаушылар оқуға қабылданады.

 

Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық (Foundation) факультетіне қарасты ЖОО дейінгі дайындық бөлімі, жоғарғы оқу орнының студенті боламын деген әр бір абитуриентке мақсатқа жетуге көмектеседі.

 

Біздің мақсатымыз - мемлекетіміздің кез-келген жоғары оқу орнына түсу үшін, әсіресе болашақ педагогикалық мамандықтарды таңдаған тыңдаушыларға тиімді жағдай жасау!

 

Дайындық бөлімінің тыңдаушыларды ҰБТ пәндері бойынша жоғары балл жинап, мемлекеттік білім грант иегері атануына мүмкіндік беріп, Кешенді тестті (КТ) тапсыруға дайындайды.

 

Дайындық курсы бағдарламасының мазмұны:

- Ағылшын тілі( деңгейлі түрде оқыту);

- Математика (алгебра, геометрия, тригонометрия, логарифмдер, есептер мен тесттерді шешу);

- Орыс тілі (фонетика, лексика, морфология, синтаксис және пунктуация,тесттер);

- Қазақ тілі (фонетика, лексика, морфология, синтаксис, пунктуация және тесттер);

- Қазақстан тарихы (ежелгі дүниеден қазіргіге дейін, тесттер);

- География (материктер географиясы, саяси география, география);

- Физика (механика, динамика, кинематика, толқындар, термодинамика, оптика, толқынды оптика, кванттық физика, атом жәнеатомдық ядро физикасы);

- Химия (жалпы химия, органикалық және бейорганикалық химия, есептер шығару);

- Биология (ботаника, анатомия және адам физиологиясы, жалпы биология);

Оқу мемлекеттік және орыс тілдерінде орта мектепке арналған білім беру бағдарламалары мен барлық тестілеу пәндері бойынша жүргізіледі.

 

Дайындық тобына оқуға түсу үшін керек құжаттар:

ҚР азаматтарының құжаттарын қабылдау университеттің қабылдау комиссиясында жүзеге асырылады.

Қабылдау комиссиясына келесі құжаттар тапсырылады:

1. Өтініш (университетте толтырылады);

2. Оқу орнын бітіргені туралы түпнұсқалық құжат (аттестат, диплом);

3. Жеке куәлік (түпнұсқа);

4. Сурет 3х4 сурет (6 дана);

5. Дәрігерлік анықтамасы (086-У).

 

Абай атындағы ҚазҰПУ қабылдау комиссиясы: Алматы қ., Қазыбек би к-сі, 30. 

Байл. тел.: 8 (727) 291-73-71, 291-87-80, 291-57-68 www.kaznpu.kz.

 

Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық (Foundation) факультеті: Алматы қ.,  Абай даңғ., 56 б, тел./факс: 8 (727) 392-22-00; 8 (727) 392-21-97

 

E-mail: dainfak@mail.ru

 

Байланыс  телефондары:

+7 (707)555 46 76  Ибрагимова Шакиза dainfak@mail.ru 
+7 (747) 560 85 05 Пернебекова Анар Кажденбековна dainfak@mail.ru 
+7 (747) 958 02 13 Джунусова Салтанат Маметжановна dainfak@mail.ru