қазақша · русский · english
 
 
 
13.04.2022

«Әлеуметтік ғылымдар (Психология)» мамандығының Ашық есік күні

 

2022 жылдың 12 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Әлеуметтік ғылымдар (Психология)» білім беру бағдарламасы кафедрасының «Психология» мамандығы бойынша Ашық есік күні іс-шарасына Алматы қаласы мектептерінің 10-11 сынып оқушылары, психологтары, университетіміздің түлектері, психолог болып жұмыс атқарып жүрген мамандар келді. Университет және мамандық жайлы «Әлеуметтік ғылымдар (Психология) білім беру бағдарламасының» профессор-оқытушылары Сатова А.К., Ниетбаева Г.Б., Тапалова О.Б. «Психолог» мамандығы, оқыту бағыттары туралы ақпарат берді.

 

Сонымен қатар, түлектерді мамандыққа тарту мақсатында «Әлеуметтік ғылымдар (Психология)» ББ оқытушысы Садыкова А.Б. оқушылармен психологиялық тренинг өткізді. Сонымен бірге, психолог мамандығын әр жылы бітірген түлектеріміз сөз сөйледі: жоғарғы медициналық колледж, психолог Токбай Алина, 56 мектеп-гимназиясының психологы Мусабекова Динара, психологиялық көмек көрсету орталығының психологы Жапаров Эльдар.

 

Олар университетіміз жайлы, оқып бітірген «Психология» мамандығы бойынша, оқушылармен осы салада өткен қызықты сәттері туралы әңгіме жүргізіп, қызықтыратын сұрақтарына жауап берді.

 

Ашық есік күніне арнайы жұлдызды қонақтарымыз актер, режиссер Қасымжанұлы Ерлан және Қазақстанға белгілі әнші Ернар Айдардың өнерлерімен толықтырылды.

 

   

 

   




Кері оралу