Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы / Жаңалықтар
06.06.2022
Балалар мен жастардың дарындылығын диагностикалау мен анықтаудың заманауи әдістерін талқылау
2022 жылдың 2 маусымында Нұр-Сұлтан қаласы, «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорында халықаралық және отандық сарапшылардың қатысуымен балалар мен жастардың дарындылығын диагностикалау мен анықтаудың заманауи әдістерін талқылау мақсатында Халықаралық дөңгелек үстел өткізілді. Оған дарындылықты дамыту жөніндегі Еуропалық Кеңестің мүшесі доктор Балаш Клейн (Венгрия), Мария Гжегожевская атындағы Педагогика академиясының әдістеме және педагогикалық шығармашылық кафедрасының докторы Милош Романюк, «Елбасы Академиясы» КҚ басқарушы директоры Алина Хаматдинова, Абай атындағы ҚазҰПУ, «Әлеуметтік ғылымдар (Психология)» Білім беру бағдарламасының кәсіби даярлау бөлімінің оқытушылар тобы, атап айтқанда профессор Сатова А.К., Phd доктор Ниетбаева Г.Б., психол.ғ.к., Абишева Э.Д., Надирбекова А.О., психология магистрлері Момбиева Г.А., Тукебаева С.А., Бейсембаева К.Д., Ингайбекова Т.А. және басқа да сарапшылар қатысты. Дөңгелек үстелдің жұмыс барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады және практикалық ұсыныстар жасады.
«Жаһандық бәсекелестік жағдайында біз баланың бойындағы қабілеттерін ерте жастан дамыту және қолдау қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Міне, уақтылы диагноз қою маңызды рөл атқарады, бұл баланың дамуын оның бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, дұрыс бағыттауға көмектеседі. Дәл осы мақсатта біз баланың білім беру әлеуетін барынша дәл анықтауға көмектесетін «Qabilet» жобасын әзірледік», - деді «Елбасы Академиясы» КҚ басқарушы директоры Алина Хаматдинова.
Халықаралық сарапшылар балалардың дарындылығын анықтау және қабілеттерін дамыту бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, дарындылықты дамыту жөніндегі Еуропалық Кеңестің мүшесі доктор Балаш Клейн прогрессивті Raven матрицаларының IQ тестіне және басқа да онлайн бағалауға арналған адаптивті қабылдағыштың жұмысымен бөлісті. Сонымен қатар Мария Гжегожевская атындағы Педагогика академиясының әдістеме және педагогикалық шығармашылық кафедрасының докторы Милош Романюк дарынды оқушылармен жұмыс істеуге арналған Wars және SAWA бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Одан кейін психология ғылымдарының докторы Ақмарал Сатова қазіргі оқушылардың қабілеттерін диагностикалаудағы инновациялық тәсілдері жайында сөз қозғап, ұсыныс-пікірін жеткізді.
Кездесу соңында қатысушылар балалар мен жастардың дарындылығын диагностикалау және қолдау саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша ұсыныстар әзірледі.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|