қазақша · русский · english
 
 
 
02.11.2022

«Үлкен қаладағы қауымдастық» интерактивті семинары

 

2022 жылғы 1 қарашада Педагогика және психология институты жалпы және қолданбалы психология кафедрасында «Үлкен қаладағы қауымдастық» тақырыбында интерактивті семинар өткізілді.


Интерактивті семинарды әлеуметтік психолог, куратор, урбанист, қауымдастықтармен жұмыс жөніндегі маман Нугаева Алеся өткізді. Интерактивті семинарға жалпы және қолданбалы психология кафедрасының студенттері мен магистранттары, профессор-оқытушылар құрамы белсенді қатысты.


Интерактивті семинарды өткізу барысында жетекші сарапшы Алеся Нугаева Алматы қаласында өткізіліп жатқан қолданыстағы жобаның нақты кейстерімен таныстырды. Сондай-ақ, семинарға қатысушылар қолданыстағы жобамен танысу барысында жобаның кейбір аспектілерін байқап, осындай жобаларды құру мен іске асырудың кейбір аспектілері туралы біле алды.


Интерактивті семинар студенттер мен магистранттар үшін толыққанды және мазмұнды болды. Семинарды жүргізу барысында қатысушылар арасында жедел сауалнама жүргізілді және нәтижелер интерактивті экранға шығарылды. Семинар соңында қатысушылар аталған жобаны құрушы маманға сұрақтар қойды.

 

  alt=  




Кері оралу