қазақша · русский · english
 
 
 
05.12.2022

ҚР ҰҚК Шекара қызметіндегі психологиялық әдістеме

 

2022 жылғы 2 желтоқсанда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институты жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі Г.Б. Ниетбаева, кафедраның оқытушылары К.К.Тусубекова, Т.А.Ингайбекова және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «2027 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің әскери психологтары екі ауысымда психологиялық әдістемелерді өткізу бойынша бірлескен іс-шара ұйымдастырды. Аталған іс-шараға психологиялық әдістеме бағдарламалары бар магистранттар мен 40 адамнан тұратын курсанттар қатысты.


Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы Толкын Ингайбекованың жетекшілігімен 20 адамнан тұратын курсанттармен магистранттар Меруерт Нұғыманова, Вячеслав Шпадырев, Алтынай Байбалаева, Аяжан Күлшарипова психологиялық тренинг өткізді. Курсанттардың келесі ағымымен жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы Күнсұлу Тусубекованың жетекшілігімен магистранттар Зинадин Айман, Ғалымжан Әділет, Халбай Гүлзада, Абишева Аяужан психологиялық жұмыс жүргізді.


Өткізілген іс-шараның нәтижелері тиімді болып шықты. Магистранттар жоғары кәсібилік көрсетті, психологиялық әдістемелерді нақты жүргізді. Бұл өте қызықты және көңілді болды. Курсанттар өте риза болып, 6 курсанттың «Психология» мамандығына оқуға түсуіне түрткі болды, бұл кәсіптік бағдар беру жұмысы үшін жақсы көрсеткіш болып табылады.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу