қазақша · русский · english
 
 
 
19.01.2023

Абай атындағы ҚазҰПУ қауымдастырылған профессорының ҚР Қорғаныс министрілігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери институтында өткен ғылыми-теориялық конференцияға қатысуы

 

2023 жылғы 18 қаңтарында ҚР Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтында өткен «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің дамуының қазіргі кезеңінде психологиялық жұмысты жетілдірудің перспективалары мен жолдары» ведомствоаралық ғылыми-теориялық конференцияға арнайы шақырылған университетіміздің Педагогика және психология институты жалпы және қолданбалы психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Гүлмира Ниетбаева «Жас офицерлердің мотивациялық ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады.


Ғылыми-теориялық конференцияда әскери психологтар, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары және практикалық психологтар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріндегі психологиялық жұмыстың негізгі мәселелері мен жетілдіру жолдарын және пәнаралық зерттеулерді ұйымдастыру және ғылыми зертханалар құру стратегиялық көшбасшылық мүмкіндігі ретінде талданып, қарастырылды.

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу