қазақша · русский · english
 
 
 
07.02.2023

«Заманауи жастардың субмәдениеті» дөңгелек үстел

 

2023 жылғы 3 ақпанда Абай университетінің Педагогика және психология институты Жастар зерттеу мектебінің ұйымдастыруымен Мукими атындағы Қоқанд мемлекеттік педагогикалық институты (Өзбекстан) өкілдерінің қатысуымен «Заманауи жастардың субмәдениеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты - бейресми қарым-қатынастардың белгілі бір қағидалары мен құндылықтарын, қазіргі жастардың өмір сүруінің ерекше стильдері мен тәртібін анықтау, өскелең ұрпақтың мәдениетін дамыту жолдарын қарастыру.


Дөңгелек үстел онлайн форматта өткізілді. Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты Нұргүл Бегалиева дөңгелек үстелге қатысушы жас ғалымдармен тренинг жүргізіп, аталған кафедраның оқытушысы, докторант Алия Утеулова «Жастардың субмәдениеті» тақырыбында баяндама жасады. Спикерлер екі университеттің докторанттары, магистранттары және оқытушылары болды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу