қазақша · русский · english
 
 
 
13.02.2023

Студенттердің педагогикалық практикасының мектептегі кәсіби бағдарлау жұмысымен сабақтастығы

 

«6В03111 - Психология» мамандығының 3 курс студенттері Алматы қаласының №53 мектеп-гимназиясында педагогикалық практиканы жалғастыруда. «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының профессоры Алма Ақажанова педагогикалық практиканың жетекшісі және әдіскері ретінде студенттердің практикадан өту барысында олармен тұрақты түрде әдістемелік және психологиялық жұмыс жүргізеді, мектеп оқушыларымен психодиагностикалық жұмыс жүргізу бойынша кеңес береді.

 

2023 жылғы 10 ақпанда №53 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Нұржамал Сейдакованың, мектеп-гимназия психологтары Гүлсая Көшниязова мен Айнұр Садидің, «6В03111 - Психология» мамандығының 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен аталған мектептің 10-11 сынып оқушыларымен «Психология және мамандық таңдау» тақырыбы бойынша кәсіби бағдарлау жұмысы жүргізілді. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың проспектісіне сәйкес, Алма Акажанова университитет даярлайтын кәсіби мамандықтардың ерекшеліктері туралы мазмұнды әрі толыққанды баяндама жасады.

 

Оқушылармен кездесу барысында Алма Акажанова кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған колонияда ғылыми-зерттеу тобының мүшелері (Меморандумға сәйкес) жүргізетін психологиялық-педагогикалық жұмыс туралы әңгімелеп берді. Әңгіменің негізгі тақырыбы ретінде «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында қылмыс жасау себептері және оның алдын алу шаралары» алынды (Алматы қаласының ЛА-155/6 колониясындағы ғылыми-зерттеу тобының жұмыс тәжірибесінен. Психодиагностикалық және түзету жұмыстары). Мектеп-гимназияның 10-11 оқушыларының тарапынан А.Т. Акажанова жүргізген кәсіби бағдарлау жұмысына деген үлкен қызығушылық байқалды, олар көптеген сұрақтар қойып, тіпті бірнеше оқушы 2023 жылғы 16 ақпанда Абай атындағы ҚазҰПУ-да өткізілетін «Ашық есік күні» іс-шарасына қатысуға ниет білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу