қазақша · русский · english
 
 
 
19.06.2023

Абай университетінің ғалымдары - психологтардың І Халықаралық форумының қатысушылары

 

2023 жылғы 15-16 маусымда Астанада «Балалар мен жастардың қабілеттері мен дарындылығын диагностикалау мен дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында психологтардың I Халықаралық форумы өтті. Форумның мақсаты - балалардың қабілеттері мен дарындылығы психологиясы саласында отандық зерттеушілерді тарту. Форум жұмысына Абай атындағы ҚазҰПУ ғалымдары мен оқытушылары тартылды, олар «EI Umiti» Корпоративтік қорымен белсенді ынтымақтастықта жұмыс істейді және Қазақстан Республикасында балалар мен жасөспірімдердің дарындылығын диагностикалау және дамыту бойынша жобалардың аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ғалымдары мен оқытушылары - профессор, психология ғылымдарының докторы Сатова А.К., PhD доктор, қауымдастырылған профессор Ниетбаева Г.Б. форумның секциялары бойынша модератор болды. PhD доктор, қауымдастырылған профессор Ниетбаева Г.Б. «Бастауыш мектеп жасындағы балалардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту әдістері», жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушысы Момбиева Г.А. «Эмоционалды интеллект: эмоцияны реттеу әдістері мен механизмдері» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді. Форумның секцияларының жұмысының барысында жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушылары Ингайбекова Т.А., Надирбекова А.О., Тукебаева С.А., Садықова А.Б. форум жұмысында баяндама жасады.

 

Форум барысында балалардың қабілеттері мен таланттарын анықтауға, қолдауға және дамытуға байланысты заманауи тұғырлар, психологиялық-педагогикалық құралдар жүйесі талқыланды. Форум аясында балалар мен жасөспірімдердің қабілеттерін диагностикалау және дамыту әдістемелерінің авторлары болып табылатын Абай атындағы ҚазҰПУ ғалым-оқытушылары, сондай-ақ «Qabilet» жобасының жаттықтырушылары ҚР өңірлерінен келген мектеп психологтары үшін тақырыптық тренингтер мен шеберлік сыныптарын өткізді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу