қазақша · русский · english
 
 
 
28.08.2023

Абай университетінің оқытушылары Атырауда өткен Республикалық тамыз кеңесінде тренинг өткізді

 

Биыл алғаш рет мұғалімдердің Республикалық тамыз кеңесі 2023 жылғы 24-25 тамызда «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбы бойынша жаңа форматта өтті. Барлық 20 аймақ тақырыптық бағыттарға бөлінді. Кеңесте педагог-практиктер, сарапшылар, білім беру және психология саласындағы мамандар сөз сөйледі.

 

Жыл сайын өткізілетін Республикалық тамыз кеңесі шеңберінде Атырау қаласында 2023 жылғы 24-25 тамызда «Қауіпсіз білім беру ортасын құру бойынша білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің өзекті міндеттері» тақырыбы бойынша секциялық отырыстар өтті.

 

Аталған тамыз кеңесінің аясында Абай атындағы ҚазҰПУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы Бейсембаева Кенже Атырау облысының және басқа өңірлердің әлеуметтік педагогтар секциясында «Эмоционалды интеллект: эмоцияларды басқару әдістері мен механизмдері» тақырыбында тренинг өткізді, осы кафедраның аға оқытушысы Дауткалиева Перизат оқу-әдістемелік орталықтардың әдіскерлері секциясында «Мектеп жасындағы балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту әдістері» тақырыбында тренинг өткізді. Кафедра оқытушыларының практикалық дағдыларын арттыру мақсатында жүргізген тренингтері «EL UMITI» корпоративтік қорының «Qabilet» жобасының міндеттерін іске асыру шеңберінде Атырау қаласында тренингке қатысушылардың тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.

 

Тренинг барысында кафедра оқытушылары Бейсембаева Кенже және Дауткалиева Перизат жалпы және қолданбалы психология кафедрасының Акмарал Сатова, Гүлмира Ниетбаева, Сәулет Тукебаева, Перизат Дауткалиева сияқты ғалымдар тобының әзірлеген авторлық әдістемелермен жұмыс жүргізді. Бұл іс-шара тренингке қатысушыларға білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің өзекті мәселелерін шешуге және қауіпсіз білім беру ортасын құруға ықпал етті.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу