қазақша · русский · english
 
 
 
23.10.2023

«Психолог - ХХІ ғасырдың ең беделді мамандығы» ашық есік күні


Абай атындағы ҚазҰПУ-де Филология, жаратылыстану және география институттарының оқытушылары ұйымдастырған Талдықорған қаласының «INNOVERSE HIGH SCHOOL» жекеменшік мектебінің түлектерімен «Талапкер-2024» айдарымен «Ашық есік күні» өтті. Өткізілген іс-шараның мақсаты - болашақ студенттерді университетпен, жоғары сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру және Абай атындағы ҚазҰПУ-нің беделін дәріптеу. «Ашық есік күнін» өткізу аясында «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының оқытушысы, кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты Тусубекова Кунслу Қадырқұлқызы сөз сөйледі. Жекеменшік мектеп түлектері «Психология» мамандығы туралы толыққанды әрі қызықты ақпарат алып, К.К. Тусубекова түлектермен психологиялық шағын тренинг өткізді, сонымен бірге, түлектер «Жалпы және қолданбалы психология кафедрасымен, профессор-оқытушылар құрамымен, дәрісханалармен және «Тұлғаның психологиялық диагностикасы» оқу-зерттеу зертханасымен танысу үшін, Педагогика және психология институтына экскурсия жасады. «INNOVERSE HIGH SCHOOL» жекеменшік мектебінің түлектерімен кездесу нәтижелі өтті. «Ашық есік күнін» өткізу қорытындысында 8 түлек Абай атындағы ҚазҰПУ-не «Психология» мамандығы бойынша оқуға ниет білдірді, олармен әрі қарай кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілетін болады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу