қазақша · русский · english
 
 
 
27.10.2023

Мукимий атындағы Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтында Абай университетінің ғалымдары дәріс оқыды

 

2023 жылдың 17-27 қазаны аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғалымдары - Педагогика және психология институты жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Ниетбаева және психология ғылымдарының кандидаты, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті Эльмира Абишева шетелдік жоғары білім беру және ғылыми мекемелермен серіктестікті жүзеге асыру аясында Мукимий атындағы Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтында магистранттар мен студенттерге «Жалпы психология», «Психологиялық кеңес беру», «Психодиагностика және түзету», «Жас ерекшелік психологиясы» сияқты оқу пәндері бойынша дәрістер оқып, семинарлар өткізді.

 

Абай университетінің ғалымдары аталған оқу орнында дәрістер мен семинарларды жоғары деңгейде өткізіп, студенттер мен магистранттардың, Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтының басшылығының тарапынан үлкен қолдауға және құрметке ие болды. Ғылыми серіктестік аясында жүргізілген дәрістер мен семинарлардың соңында, Мукимий атындағы Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтының бірінші проректоры Исраилджон Охунов Абай университетінің ғалымдарына екіжақты қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін институт ректорының алғыс хаттарын табыс етті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу