қазақша · русский · english
 
 
 
30.10.2023

Республика күніне арналған тәрбиелік іс-шара

 

2023 жылдың 27 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы Толқын Ингайбекованың ұйымдастыруымен 25 қазан - Республика күніне арналған «Қазақстан - Отаным менің!» атты тәрбиелік іс-шара өтті. Мақсаты - студенттердің Қазақстанның егемендігі мен мемлекеттілігін қалыптастыру жолы туралы білімдерін арттыру, азаматтық, патриотизм, тарихи әділеттілік сезімдерін тәрбиелеу.

 

Іс-шараға педагогика және психология институтының «6В03111-Практикалық психолгтарды даярлау» мамандығының 1-курс студенттері, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушылары қатысты. Студенттер арасында берілген тақырып бойынша пікірталастар, танымдық ойындар мен психологиялық тренингтер өткізілді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу