қазақша · русский · english
 
 
 
31.10.2023

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушыларына мерекелік төсбелгілер мен Алғыс Хаттар табысталды

 

2023 жылдың 30 қазанында Абай университеті Педагогика және психология институтының жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ПОҚ университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «Абай атындағы ҚазҰПУ 95 жыл» төсбелгісімен, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Алғыс хаттарымен марапаттау салтанаты өтті.

 

Мерейтойлық төсбелгімен психология ғылымдарының докторы, профессор Сатова Акмарал, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Ниетбаева Гулмира, кафедраның аға оқытушылары - Садреймова Айнұр және Дүйсенбаева Айнұр марапатталды. Алғыс хаттармен PhD докторы, қауымдастырылған профессор Ниетбаева Гулмира, кафедраның аға оқытушылары Конысбаева Алия, Ингайбекова Толкын марапатталды. Алғыс хаттарды Абай атындағы ҚазҰПУ академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Нарбекова Бану табыс етті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу