қазақша · русский · english
 
 
 
08.11.2023

Абай университетінің оқытушылары оқыту семинарын өткізді

 

2023 жылдың 6-7 қараша күндері Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институтының «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының оқытушылары - психология ғылымдарының кандидаты Надирбекова Айша және магистр Тукебаева Саулет Көкшетау қаласында қалалық Оқушылар сарайының базасында ұйымдастырылған «El Umiti»  корпоративтік қорының» «Qabilet» қызметінің «Мектеп жасындағы оқушылардың қабілеттерін диагностикалау әдістемелері және «4К» дағдыларын дамыту»  тақырыбындағы оқыту семинарының жұмысына спикер және сарапшы  ретінде қатысты.  Оқыту семинарына Көкшетау қаласының және ҚР түрлі аймақтарынан келген мектептің педагог-психологтары қатысты.

 

Оқыту семинары диагностикалау мен қабілеттерді дамытудың заманауи әдістеріне, соның ішінде ХХІ ғасырдың өзекті мәселесіне айналған, әр түрлі жастағы балалардың 4«К» дағдысын дамытуды қамтыды: Сыни ойлау. Креативтілік. Коммуникация. Коллаборация.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу