қазақша · русский · english
 
 
 
13.11.2023

«Күз-2023» әскерге шақыру мерзімді қызметінің сарбаздарымен кәсіптік бағдар беру жұмысы

 

2023 жылғы 10 қарашада Педагогика және психология институты жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы Кунсулу Тусубекова Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Алматы облысы бойынша «Күз-2023» әскерге шақыру мерзімді қызметінің сарбаздарымен тренингтер өткізу негізінде кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Аталған іс-шара Абай атындағы ҚазҰПУ мен ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Алматы облысы бойынша қызметкерлерінің қолдауымен бірлесіп ұйымдастырылды.

 

Тренингтерге ҚР ҰҚК Шекара қызметінің подполковнигі Алмас Болатханов, майор, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери психологы Сырым Исабаев, капитан, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери психологы Мадияр Ақшулаков, «Күз-2023» әскерге шақырудың мерзімді қызметінің курсанттары мен сарбаздары қатысты. Тренингтерді Педагогика және психология институтының жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы Кунсулу Тусубекова және «6В03111 - Практик психологтарды даярлау» мамандығының студенттері Сағынғали Айым, Қуаныш Ақгүл, Лес Сымбат, Бақытжан Аминат, Дәулетбек Кәусар өткізді. Жүргізілген тренингтер курсанттар мен сарбаздарға ұнады, рефлексия барысында олар тренингті ұйымдастырушыларға арнап ән орындарды және психолог-студенттердің жүргізген жұмысын жоғары бағалады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу