қазақша · русский · english
 
 
 
20.11.2023

Абай университетінің оқытушысы Талдықорған қаласындағы мектеп психологтарына арналған семинар-тренинг өткізді

 

2023 жылдың 16 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы Кудушева Нұрғайша Талдықорған қаласының мектеп психологтарына арналған «Мектеп жасындағы балалардың «4К» дағдыларын диагностикалау және дамыту әдістемесі» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Іс-шараға Жетісу облысының 33 маманы қатысты.

 

Семинар-тренингті «Еl Umiti» корпоративтік қоры құрған Жетісу өңірінің «Qabilet» өңірлік орталығы ұйымдастырды. Жетісу өңірінің «Qabilet» өңірлік орталығы аталған семинар-тренингті өткізуге белсенді түрде атсалысып, аталған іс-шараның мазмұнды, қызықты өтуіне ықпал етті. Семинар барысында Жетісу облысының мектеп психологтары практикалық жұмыс барысында меңгерген өзіндік біліктерімен және дағдыларымен бөлісті, жүргізілген ойындарға және жаттығуларға белсенді қатысып, өздерінің тұлғалық және кәсіби сапаларын жетілдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу