қазақша · русский · english
 
 
 
05.12.2023

«Психологиялық кеңес берудегі заманауи тәсілдер» ғылыми-практикалық семинары

 

2023 жылдың 1 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институты жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ұйымдастыруымен студенттерге, магистранттарға және докторанттарға арналған «Психологиялық кеңес берудегі заманауи тәсілдер» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізілді. Институт директорының ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Марфуга Абсатова құттықтау сөз сөйледі.

 

Ғылыми-практикалық семинарды өткізуге экзистенциалды консультанттар мен терапевттердің Ұлттық бірлестігінің президенті (Ресей), Мәскеу қаласындағы Бүкілресейлік кәсіби психотерапиялық лигасының (БКПЛ) «Экзистенциалды психотерапия» модальділігінің жетекшісі Семен Есельсон шақырылды. Ол «Нарративті камертов» техникасы арқылы экзистенциалды кеңес беру» тақырыбында баяндама жасады.

 

Сондай-ақ, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі Ниетбаева Гүлмира «Студенттердің психологиялық денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің заманауи аспектілері» тақырыбы бойынша, аға оқытушылар - Надирбекова Айша «Клиникалық тәжірибедегі психологиялық әл-ауқатты дамыту және қолдау» тақырыбы бойынша, Садыкова Анель «Психологтың практикалық іс-әрекетіндегі креативтілігінің рөлі» тақырыбы бойынша баяндама жасады.

 

Ғылыми-практикалық семинар студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін қызықты әрі мазмұнды болды. Семинар барысында түрлі психотерапевтік әдістер мен технологиялар қолданылды, сонымен қатар фильмді көру және талқылау жүргізілді, «Аквариум» технологиясы бойынша психологиялық кеңес беру жүргізілді.

 

  alt=  




Кері оралу