қазақша · русский · english
 
 
 
09.02.2024

Абай университетінің оқытушылары -  «Психология» мамандығы бойынша PhD докторлары

 

2024 жылдың 7 ақпанында «Туран» университетінің  Мәжіліс залында  философия докторларына дипломды салтанатты тапсыру рәсімі өтті.

 

ҚР ҒЖБМ  Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылғы 17 қаңтардағы №79 «Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы» бұйрығына сәйкес Абай атындағы ҚазҰПУ  Педагогика және психология институты жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушылары Нұрғайша Кудушева  және Перизат Дауткалиеваға «6D050300 - Психология»  мамандығы бойынша философия докторы дәрежесі дипломы  табысталды.

 

Салтанатты рәсімді «Туран» университеті докторантура бөлімінің проректоры  Гаухар Ниеталина ашты. Университет ректоры  Рахман Алшанов PhD докторларын құттықтап, Қазақстан ғылымының дамуына және Отанымыздың гүлденуіне қосар үлесінің мол болуына үміт артты. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының ғылыми әлеуеті екі философия докторымен толықтырылды және бұл кафедраның ғылыми-зерттеу өркендеуіне ықпал етіп, ғылыми кадрлардың дәрежесін арттыратыны сөзсіз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу