Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы / Жаңалықтар
05.11.2024
«Жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқының психологиялық портреті: теория және практика» конференциясы 2024 жылдың 1 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ қабырғасында «Жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқының психологиялық портреті: теория және практика» тақырыбы бойынша ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияны ұйымдастырушылар Абай университеті, Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы болды.
Ғылыми-практикалық конференция жұмысына офлайн режимде білім беру бөлімінің өкілдері, психикалық денсаулық орталығының мамандары, университет ғалымдары, Абай атындағы ҚазҰПУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, кафедраның магистранттары мен докторанттары, өңірлік ғылыми институттардың өкілдері, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, ал онлайн режимде 70-ке жуық мектеп психологтары мен мектеп директорлары, 87 мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Ғылыми-практикалық конференция қазіргі қоғамның өзекті мәселелеріне, атап айтқанда орта және жоғары білім беру жүйесінде қолайлы білім беру ортасын құруға, балалар мен жасөспірімдердің суицидтік бейімділігінің алдын алу және жою әдістері мен жолдарын, суицидтік мінез-құлықтың медициналық аспектілерін және т. б. қарастыруға арналды.
Ғылыми-практикалық конференцияда Абай атындағы ҚазҰПУ-нің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова құттықтау сөз сөйледі. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақауов «Орта және жоғары білім беру жүйесінде қолайлы білім беру ортасын ұйымдастыру» атты баяндамасымен сөз сөйлеп, осы проблеманы тыңғылықты қарастырудың маңыздылығы мен қажеттілігін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, конференцияда педагогика және психология факультетінің деканы Ғалия Абаева кіріспе сөз сөйледі. Ол өз сөзінде жасөспірім балалардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алуда мектеп психологтары мен мектеп басшыларының жұмысының маңыздылығын атап өтті.
Ғылыми-практикалық конференцияның жұмысында психология, медицина, психатрия саласының мамандарының, білім бөлімдері өкілдерінің баяндамалары тыңдалды, атап айтқанда:
1. Психотерапия орталығының психиатр-дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Ғали Джолдыгуловтың «Жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының клиникалық аспектілері»; 2. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Психология кафедрасы Білім беру бағдарламасының жетекшісі Гүлмира Топанованың «12-16 жастағы жасөспірімдерге психологиялық кеңес берудің ерекшеліктері»; 3. Абай атындағы ҚазҰПУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, қауымдастырылған профессор м.а. Гүлмира Ниетбаеваның «Оқушылардың аутодеструктивті мінез-құлқы саласында психологтарды даярлаудың өзекті мәселелері; 4. «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру Ұлттық ғылыми-практикалық институты, психологиялық-педагогикалық диагностика басқармасының жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Мариам Таипованың «Буллингтің ерекшелігі мен таралуын және психологиялық қауіпсіз білім беру ортасын диагностикалау»; 5. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Жалпы және қолданбалы психология» кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор м.а. Зухра Садвакасованың «Адамның аутодеструктивті мінез-құлқымен жұмыс істеудің заманауи тәсілдері»; 6. Психология ғылымдарының докторы, профессор, психоневролог дәрігер, психолог-практик Раушан Каримованың «Балалар мен жасөспірімдердегі суицидтік мінез-құлықтың медициналық-психологиялық аспектілері»; 7. Қарағанды қаласы, «HR+» психологиялық-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесі (ППМАЖ) жобасының жетекшісі Еркежан Қуанышбекованың (онлайн); 8.Абай атындағы ҚазҰПУ, «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының аға оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты Нұргүл Бегалиеваның «Балалар мен жеткіншектердегі аутоагрессивті мінез-құлықтың алдын-алу» баяндамалары тыңдалды.
Өткізілген ғылыми-практикалық конференция аутодеструктивті мінез-құлықтың көріністері байқалатын жасөспірімдермен жұмыстағы пәнаралық тұғырдың және тәсілдердің маңыздылығын айқын көрсетті. Аутодеструктивті мінез-құлықты тиімді алдын алу үшін педагогтардың, ата-аналардың және әлеуметтік қызметкерлердің бірлескен жұмысы мен күш-жігері қажет. Конференцияның қорытындысында аталған іс-шараға қатысушылары бірлескен қарар қабылдады және бұл қарар жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқын психологиялық алдын алу саласында әрі қарай жүргізілетін ғылыми зерттеулердің және практикалық іс-шаралардың негізіне алынатын болады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|