Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы / Жаңалықтар
03.12.2024
Медициналық колледж студенттерімен жүргізілген кәсіптік бағдар беру жұмысы Заманауи медицинаның негізгі қажеттіліктерінің бірі - емдеу процесіне психологиялық қолдауды енгізу. Бұл салада клиникалық психолог ерекше рөл атқарады, оның қызметі психикалық және соматикалық денсаулықты сақтауға және қалпына келтіруге, сондай-ақ пациенттің жеке тұлғасының үйлесімді дамуына кедергі келтіретін немесе оны емдеуді қиындататын факторларды анықтауға бағытталған.
2024 жылғы 30 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушысы Кунслу Тусубекова және «7М03118 - Психотерапия негіздерімен денсаулық психологиясы» мамандығының 1-курс магистранты Аружан Смағұлова профессор Рузуддинов атындағы жоғары медициналық-стоматологиялық колледжінің психологы Айжан Успановамен бірлестікте студенттерге арналған кәсіптік бағдар беру іс-шарасын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты колледж студенттерін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің беделімен, оның мамандықтарымен, сондай-ақ клиникалық психолог мамандығымен таныстыру болды. Бағдарлама аясында Кунслу Тусубекова және магистрант Аружан Смағұлова студенттердің психолог мамандығына деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ олардың назарын Абай атындағы ҚазҰПУ-дың барлық мамандықтарының маңызды салаларына аударуға бағытталған түрлі психологиялық әдістемелер мен тренингтер өткізді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|