қазақша · русский · english
 
 
 
03.12.2024

«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша Ақылдастық кеңесі


2024 жылдың 29 қарашасында SDU University Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінде «6В01101- Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша Ақылдастық кеңесі ұйымдастырылды. Кеңес педагогика және психология саласын дамытуға, оның қазіргі заман талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды іс-шара болып табылады. Кеңес барысында білім беру бағдарламасын жетілдіру, оның құрылымдық мазмұнын жаңарту және халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелер көтерілді.

 

Осыған байланысты аталған іс-шараға жұмыс беруші тарапынан мамандар және ЖОО-ның профессор оқытушылары қатысты. Атап айтқанда, «Позитив», «Аналар үйі» қорларының Алматы қаласы бойынша қазақ тілді бала қабылдап алушы аға-тренері Айнұр Абильдаева, Алматы облысы Қарасай ауданы әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінің педагог-психологы, сарапшы Айгуль Мукажанова, «Озат» мектебі директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы, PhD Камшат Есенова, сонымен бірге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Абай атындағы ҚазҰПУ професорлары мен оқытушылары белсенді қатысты. 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің қауымдастырылған профессоры м.а., жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Ниетбаева Абай университетінің тәжірибесін бөлісуге Ақылдастық Кеңестің мүшесі ретінде шақырылды.

 

Кеңеске қатысушылар қазіргі таңдағы педагогика және психология салаларының өзекті мәселелеріне, атап айтқанда, психологиялық диагностика, алдын-алу, түзету, дамыту мәселелеріне тоқталып, Білім беру бағдарламасындағы пәндерге ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ, білім беру бағдарламасының мазмұнын сапалы түрде жетілдіру үшін үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу қажеттілігі туралы ұсыныстар берілді.

 

  alt=  




Кері оралу