қазақша · русский · english
 
 
 
17.11.2025

Халықаралық сарапшы инклюзивті білім беру бойынша тәжірибесімен бөлісті!


«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқытушылық қызметке тарту үшін шетелдік сарапшылар санын бекіту туралы» бұйрық негізінде Қытай (Гонконг) Education University of Hong Kong университетінің Doctor of Education, профессор зерттеушісі Mr. Sin Kuen Fung Kenneth 2025 жылғы 17-ші қарашада Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесіп, шеберлік сабағын өткізді.
Education University of Hong Kong университеті базасында жұмыс істейтін Инклюзивті білім беру орталығының қызметі, арнайы психология саласындағы зерттеу жұмыстары және арнайы білім беруде жасанды интеллектіні қолдану бойынша жүргізіліп жатқан ғылыми ізденістер туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, профессордың сапары аясында бірқатар жұмыстар жоспарланып отыр. Атап айтқанда, оқыту семинарлары мен тренингтер өткізіледі, магистранттар мен докторанттарға ғылыми кеңес беру ұйымдастырылады, сондай-ақ бірлескен ғылыми жарияланымдар мен жобаларға дайындық мәселелері талқыланады. Бұл іс-шаралар екі университет арасындағы ғылыми ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал етеді.


  alt=  


  alt=  




Кері оралу