Студенттердің жыл сайын өткізілетін 80-ғылыми-зерттеу жұмыстарының конференциясы өз мәресіне жетті!
2025 жылдың 25 қарашасында Педагогика және психология факультетінің «Жалпы және қолданбалы психология» секциясы бойынша өткен студенттердің 80-ғылыми конференциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Іс-шара жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін ашуға, жаңа жобалар мен инновациялық идеялардың танылуына зор мүмкіндік берді.
"6В03111 - Практик психологтарды даярлау" Білім беру бағдарламасы бойынша конференцияға қатысқан студенттер өз зерттеулерін көпшілікке ұсынып, кәсіби сарапшылардан құнды пікірлер мен жоғары бағалар алды. Әрбір ғылыми жұмыс өзектілігімен, жаңалығымен және практикалық маңыздылығымен ерекшеленді. Конференция "6В03111 - Практик-психологтарды даярлау" Білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің ғылымға деген қызығушылығын арттырып, олардың болашақтағы ғылыми ізденістеріне ынталандырушы күш болды.
Конференция қорытындысы бойынша қазақ бөліміндегі студенттердің жұмыстары келесі марапаттарға ұсынылды:
* I дәрежелі диплом - 1 жұмыс
* II дәрежелі диплом - 2 жұмыс
* III дәрежелі диплом - 3 жұмыс
* Арнайы номинацияларға - 5 жұмыс ұсынылды.
Орыс бөліміндені студенттердің жұмыстары келесі марапаттарға ұсынылды:
* I дәрежелі диплом - 1 жұмыс
* II дәрежелі диплом - 2 жұмыс
* III дәрежелі диплом - 3 жұмыс
5 номинация бойынша студенттердің жұмыстары марапатталды:
«Мамандыққа берілген», «Тақырыптың әлеуметтік маңыздылығы», «Практикалық бағыттылығы», «Креативтілік және шығармашылық тұғыр», «Шығармашылық ізденістің дербестігі».
Конференция барысында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының арасында ерекше жаңалығымен, ізденімпаздығымен, зерттеу тақырыбының өзектілігімен айрықшаланған студенттер - Әміртай Айшабибі, Қабышева Альфия, Сайлаубай Қарлығаш, Махмуд Айнұр, Маракубова Сауле, Бітібай Санжар, Смаилова Гульбаршын, Сисембина Далида, Кадырова Мия, Южакова Алина және т.б. болды.
I Дәрежелі дипломмен 1 жұмыс марапатталды.
«Студенттердің мазасыздық деңгейі мен стресске төзімділігіне перфекционизмнің әсері». Әміртай Айшабибі Асхатқызы - «6B03111-Практик психологтарды даярлау» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті, ғылыми жетекшісі: Кудушева Н.А. - PhD, аға оқытушы.
II Дәрежелі дипломмен 2 жұмыс марапатталды.
1. «Студенттердің әл-ауқатының психологиялық ерекшеліктері». Қабашева Альфия Әділбекқызы - «6В03111 - Практик психологтарды даярлау» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті, ғылыми жетекшісі: Садреймова А.Ж. - магистр, аға оқытушы.
2. «Эмоционалды жану - заманауи адамның көрінбейтін дерті». Болат Бекжан - «6B01501-Математика» педагогика білім беру бағдарламасынын 1 курс студенті, ғылыми жетекшісі: Сәлмеке С. - магистр, аға оқытушы.
III Дәрежелі дипломмен 3 жұмыс марапатталды.
1. «Жоғары сынып оқушыларының сыни ойлау қабілетіне мектептегі стресс деңгейінің және эмоционалдық реттеудің әсері». Абдикамалова Асель - «6В03111 - Практик психологтарды даярлау» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті, ғылыми жетекшісі: Дауткалиева П.Б. - Phd, аға оқытушы.
2. "Болашақ психолог- студенттердің әлеуметтік интеллектісінің даму ерекшеліктері». Талғат Нұрай Бағдатқызы - «6В03111 - Практик психологтарды даярлау» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті, ғылыми жетекшісі: Ингайбекова Т.А. - магистр, аға оқытушы.
3. «Медиа контенттің психикаға ықпалы». Бітібай Санжар - «6В01501 - Математика IP» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті, ғылыми жетекшісі: Сәлмеке С. - магистр, аға оқытушы.
Ғылыми-зерттеу конференцияның нәтижелері бойынша келесі номинациялар бойынша студенттер марапатталды:
«Шығармашылық тақырып» номинациясы:
«Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің эмоционалды дамуын қолдаудағы психологтың рөлі». Сайлаубай Қарлығаш - «6В03111 - Практик психологтарды даярлау» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті, ғылыми жетекшісі: Акажанова А.Т. - пс.ғ.д., профессор м.а.
«Үздік теориялық талдау» номинациясы бойынша:
«Дарынды оқушылардың тұлғалық дамуына әлеуметтік желілердің әсері». Абубакирова Феруза Пулат кизи - «6В03111 - Практик психологтарды даярлау» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті, ғылыми жетекшісі: Қожахметов Д.С. - магистр, аға оқытушы.
«Үздік қорғау» номинациясы бойынша:
«Кәсіби оқу кезеңінде студенттердің созылмалы стрессі мен резильенттілігінің психикалық денсаулықты сақтаудың негізгі қатер және қорғаушы факторларының бірі ретінде». Ниязалиева Дария - «6В03111-Практик психологтарды даярлау» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті, ғылыми жетекшісі: Лимашева Л.А. - магистр, аға оқытушы.
«Мамандығына берілген» номинациясы бойынша:
«Студенттердің өзін-өзі бағалау деңгейі мен академиялық табыстылығының байланысы». Мұратбай Тимур - «6В03111 - Практик психологтарды даярлау» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті, ғылыми жетекшісі: Дүйсенбаева А.О. - магистр, аға оқытушы.
«Өзекті тақырып» номинациясы бойынша:
«Жеткіншектердің коммуникативті дағдыларының дамуына әлеуметтік желілердің әсерінің ерекшеліктері». Махмуд Айнұр Ринатқызы - «6В03111 - Практик психологтарды даярлау» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті, ғылыми жетекшісі: Бекмуратова Г.Т. - психол.ғ.к., қауымд.профессор м.а.
Орыс бөліміндегі студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы келесі үлгіде шығарылды.
I орын: «Психологическая профилактика формирования виктимного поведения у подростков». Маракубова Сауле - «6В03111 - Практик психологтарды даярлау» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті, ғылыми жетекшісі: Абишева Э.Д. - аға оқытушығ пс.ғ.кандидаты.
II орын: 1. «Личностная направленность как фактор профессионального становления будущего психолога». Кажибаева Асель - «6В03111 - Практик психологтарды даярлау» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті, ғылыми жетекшісі: Надирбекова А.О. - аға оқытушы, пс.ғ.кандидаты.
2. «Посттравматический личностный рост родителей детей с инвалидностью». Смаилова Гульбаршин - «6В03111 - Практик психологтарды даярлау» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті, ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Садыкова Анель Болатовна.
III орын: 1. «Психологическое сопровождение как профилактика развития пренатального стресса у первородящих женщин». Сисембина Далида - «6В03111 - Практик психологтарды даярлау» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті, ғылыми жетекшісі: Надирбекова А.О. - аға оқытушы, пс.ғ.кандидаты.
2. «Современные психологические проблемы исследования социализации людей с аутистическим спектром». Хайрушин Адиль - «6В03111 - Практик психологтарды даярлау» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті, ғылыми жетекшісі: Надирбекова А.О. - аға оқытушы, пс.ғ.кандидаты.
3. «Коммуникативные навыки как фактор профессионального становления военнослужащих». Есенкулова Сабина - «6В03111 - Практик психологтарды даярлау» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті, ғылыми жетекшісі: Надирбекова А.О. - аға оқытушы, пс.ғ.кандидаты.
Ғылыми-зерттеу конференцияның нәтижелері бойынша келесі номаинациялар бойынша студенттер марапатталды:
«Мамандыққа берілген» номинациясы бойынша:
«Психологические особенности самоотношения и регуляция телесного образа у современных девушек». Матыцина Анастасия - «6В03111 - Практик психологтарды даярлау» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті, ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Садыкова Анель Болатовна.
«Тақырыптың әлеуметтік маңыздылығы» номинациясы бойынша:
«Психологические аспекты стрессоустойчивости спортсменов, использующих психофармакологическую терапию». Кадырова Мия - «6В03111 - Практик психологтарды даярлау» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті, ғылыми жетекшісі: Тусубекова К.К. пед.ғ.канд, аға оқытушы.
«Практикалық бағыттылығы» номинациясы бойынша:
«Психологические особенности конфликтов в молодой семье». Шайман Илана - «6В03111 - Практик психологтарды даярлау» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті, ғылыми жетекшісі: пс.ғ.кандидаты Абишева Э.Д.
«Шығармашылық тұғыр және креативтілік» номинациясы бойынша:
«Дежавю как феномен ложной памяти: воспоминания которых никогда не было». Рытова Виктория - «6В03111 - Практик психологтарды даярлау» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті, ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Садыкова Анель Болатовна.
«Шығармашылық ізденістің дербестігі» номинациясы бойынша:
«Обзор современных исследований влияния музыкальной терапии на саморегуляцию». Южакова Алина - «6В03111-Практик психологтарды даярлау» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті, ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Садыкова Анель Болатовна.

