
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы / Жаңалықтар
05.12.2025
Кәсіптік бағдар беру жұмысы «Алматы гуманитарлық-педагогикалық колледжі №1» КМҚК; 2025 жылдың 2 желтоқсанында Тусубекова Кунслу Кадыркуловна жалпы және қолданбалы психология кафедрасының кәсіби бағдар берушісі мен «Алматы гуманитарлық-педагогикалық колледжі №1» КМҚК оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Аcубаева Гаухар Сарсеновна колледждің бітіруші курс студенттерімен кәсіби бағдарлық кездесу өткізді.
Іс-шара барысында колледждің бітіруші курс студенттеріне жалпы және қолданбалы психология кафедрасының барлық білім беру сатылары бойынша төмендегі білім беру бағдарламалары таныстырылды: ББ 6В03111 - Практикалық психологтарды даярлау (Бакалавриат) ББ 7М03122 - Психотерапия негіздерімен клиникалық психология (Магистратура) ББ 7М03118 - Денсаулық психологиясы және психотерапия негіздері (Магистратура) ББ 8D03105 - Психология (Докторантура) ББ 8D03117 - Клиникалық және әлеуметтік психология (Докторантура)
Кафедраның кәсіби бағдар беру жұмысы білім алушылардың мамандық таңдауда саналы көзқарасын қалыптастыруға және оларды заманауи білім беру ресурстары мен жоғары оқу орнының артықшылықтарымен таныстыруға бағытталған. Колледж студенттері үлкен қызығушылық танытып, талқылауға белсенді қатысты, оқу үрдісінің ерекшеліктері, түсу талаптары мен болашақ кәсіби траекториялар туралы сұрақтар қойды.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті, бұл қатысушыларға маңызды сұрақтарға толыққанды жауап алуға және өз кәсіби болашағының бағыттарын сенімді түрде айқындауға мүмкіндік берді.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|