
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы / Жаңалықтар
09.12.2025
Италия мемлекетінің Сиена университетінің магистранты Аружан Тұрсынхан Абай атындағы ҚазҰПУ-де Erasmus бағдарламасы аясында тағылымдамадан өтуде. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінің 6В03113-«Психология» (Бизнес) мамандығының 2023 жылғы түлегі Аружан Тұрсынхан қазіргі таңда Италия мемлекетінде Сиена университетінде магистратурада оқып жатыр. Оқу бағдарламасына сәйкес, Аружан Тұрсынхан міндетті тағылымдамасын Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология факультетінде өту барысында. Тағылымдама 2025 жылғы 15 қазаннан 15 желтоқсанға дейінгі кезеңді қамтиды.
Тағылымдама барысында магистрант кафедра оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты. Тағылымдама аясында 6В03111 "Практик психологтарды даярлау" мамандығының 2-курс студенттерімен психодиагностикалық жұмыстар мен тренингтер өткізді. Барлық жұмыстар кафедрадағы жетекшісі, психология ғылымдарының докторы Тапалова Ольга Бисеновна нұсқаулығымен ұйымдастырылды.
Жұмыстың мақсаты - студенттердің когнитивтік және психологиялық дағдыларын дамыту, оқу үдерісінде психологиялық білімді практикалық қолдану дағдыларын қалыптастыру болды. Тренингтер мен психодиагностикалық тапсырмалар арқылы қатысушылар ақпаратты сұрыптау, ойды құрылымдау, логикалық байланыстар орнату және кәсіби жағдаяттарды психологиялық тұрғыдан талдау дағдыларын тәжірибеде қолданды.
Сабақтар интерактивті форматта өтті: студенттер топтық жаттығулар, талдау әдістері және шешім қабылдауға арналған тапсырмаларды орындап, белсенді қатысып, психологиялық сабақтардың жаңа формаларын меңгерді. Тренингтер еркін, ынтымақтастыққа негізделген ортада өткізілді және студенттердің шығармашылық ойлауын, кәсіби ізденісін арттырды.
Кафедра мүшелері магистрант Аружан Тұрсынханның жоғары ғылыми дайындығын, әдістемелік шеберлігін және аудиториямен кәсіби байланыс орнату қабілетін ерекше атап өтті. Өткізілген стажировка студенттердің білім кеңістігін кеңейтіп, практикалық психология бағытындағы кәсіби дағдыларын дамытуға айтарлықтай үлес қосты.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|