
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы / Жаңалықтар
07.04.2026
Ғылым апталығы – 2026: «Психологиядағы ғылыми зерттеу мәдениеті» студенттік ғылыми үйірмесінің нәтижелері ұсынылды! Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультеті, Жалпы және қолданбалы психология кафедрасында «Ғылым апталығы - 2026» аясында «Психологиядағы ғылыми зерттеулер мәдениеті: студенттік ортаның тәжірибесі» тақырыбында Journal Club форматындағы ғылыми семинар өтті. Семинар аясында студенттер психология ғылымдарының докторы, профессор Ардах Ризабекқызы Ерментаеваның құрметіне арналған эссе байқауына ұсынған жұмыстарын таныстырды. Арнайы ұйымдастырылған мини-сессия барысында қатысушылар өз эсселерінің тақырыптарын, мазмұнын және негізгі идеяларын семинар қонақтарына баяндап, зерттеу мәселелерінің өзектілігін, теориялық негіздерін және авторлық көзқарастарын ашып көрсетті. Сонымен қатар, ұсынылған жұмыстар аясында ғылыми мәселелер талқыланып, студенттердің сыни ойлау және ғылыми пайым жасау дағдылары айқын көрінді. Іс-шара соңында қатысушылар арасында ашық пікірталас ұйымдастырылып, ғылыми үйірме жұмысына белсенді қатысқан студенттер алғыс хаттармен марапатталды. Аталған ғылыми семинар студенттердің ғылыми-зерттеу құзыреттілігін дамытуға, академиялық мәдениетті қалыптастыруға және болашақ психолог мамандардың кәсіби әлеуетін арттыруға маңызды үлес қосты.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|