қазақша · русский · english
 
 
 
09.04.2026

Республикалық жоғары медициналық колледждегі кәсіптік бағдар беру жұмысы!


2026 жылғы 07 сәуір күні сағат 14:00-де жалпы және қолданбалы психология кафедрасының кәсіби бағдар берушісі Тусубекова Күнслу Қадырқұлқызы «Республикалық жоғары медициналық колледжі» ЖШС директорының кәсіби оқыту жөніндегі орынбасары Сахова Гүлдан Қыдыралиевнамен бірлесіп колледж бітіруші түлектерімен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді.
Іс-шара барысында бітіруші курс студенттеріне жалпы және қолданбалы психология кафедрасының барлық білім беру деңгейлері бойынша білім беру бағдарламалары таныстырылды:

* ББ 6В03111 - Практикалық психологтарды даярлау (бакалавриат)
* ББ 7М03122 - Психотерапия негіздерімен клиникалық психология (магистратура)
* ББ 7М03118 - Психотерапия негіздерімен денсаулық психологиясы (магистратура)
* ББ 8D03105 - Психология (докторантура)
* ББ 8D03117 - Клиникалық және әлеуметтік психология (докторантура)

Кафедраның кәсіби бағдар беру жұмысы білім алушылардың мамандық таңдауға саналы көзқарасын қалыптастыруға, сондай-ақ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының және университеттің заманауи білім беру мүмкіндіктері мен артықшылықтарымен таныстыруға бағытталған.
Медициналық колледж студенттері психолог мамандығына жоғары қызығушылық танытып, талқылауға белсенді қатысып, оқуға түсу шарттары, оқу үдерісінің ерекшеліктері және болашақ кәсіби мүмкіндіктер туралы сұрақтар қойды.
Қатысушыларды сондай-ақ әскери кафедра қызметі, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың басқа мамандықтары, өту балы, оқу ақысы, грантқа түсу мүмкіндігі, медициналық колледжден кейінгі оқу мерзімі, тәжірибеден өту және таңдаған салада кәсіби әлеуетті жүзеге асыру мәселелері қызықтырды. Барлық сұрақтарға қатысушылар толық жауап алды.

 

 

  alt=    

 

  alt=    




Кері оралу