Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының мамандықтары бойынша ашық есік күні!
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының мамандықтары бойынша ашық есік күні
2026 жылғы 24 сәуірде жалпы және қолданбалы психология кафедрасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті педагогика және психология факультетінің Ашық есік күнін өткізуге белсенді қатысты. Іс-шара жылы әрі шабыттандыратын атмосферада өтті. Ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына кафедраның докторанттары мен студенттері кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты Тусубекова Кунслу Кадыркуловнаның жетекшілігімен қатысты.
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының бағдарламасы
1.Кіріспе сөз (1 минут)
Кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты - Тусубекова Кунслу Кадыркуловна
2.Кафедра қызметі туралы бейнеролик (2 минут)
3.Психолог мамандығы және білім беру бағдарламалары туралы презентация: бакалавриат, магистратура, докторантура (5 минут)
2-курс студенті Оспанғали Нұрай
Мамандық: Практикалық психологтарды даярлау
4.Психологиялық әдістемелер мен тренингтер өткізу (10 минут)
Докторант Жапров Эльдар (орыс бөлімі), 8D03105 - Психология, 1 курс
Докторант Пернебекова Фатима (қазақ бөлімі), 8D03105 - Психология, 1 курс
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы мамандарды үш деңгейлі жүйе бойынша даярлайды:
Бакалавриат
ББ 6В03111 - Практик психологтарды даярдау
Магистратура:
ББ 7M03122 Клиникалық психология психотерапия негіздерімен Казахстан мен Беларусь арасындағы (қос дипломды білім беру) - бұл студенттің екі елдің университеттерінде оқып, оқу соңында екі диплом алу мүмкіндігі бар бағдарлама.
ББ 7M03118 - Денсаулық психологиясы және психотерапия негіздері
Докторантура (PhD):
ББ 8D03105 - Психология
Бағдарлама қатысушылары мектеп оқушыларына психолог мамандығына қызығушылықтарын арттыру мақсатында психологиялық тренинг өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға кафедра қызметі туралы бейнеролик көрсетіліп, «Практикалық психологтарды даярлау» білім беру бағдарламасы және психолог мамандығы туралы презентация ұсынылды.

